Қазақмыс туралы

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын

Қазақмыс  туралы

Қазақмыс –  Қазақстандағы ең алып мыс өндіруші, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу бойынша  жетекші халықаралық компания. Мыс  өндірісі  кенді  өндіруден  бастап, соңғы  өнім - катодты  мыс  пен мыс  сымдарды шығарғанға  дейін  толығымен  біріктірілген.

 

Негізгі  қызмет  түрлері

«Қазақмыс»  табиғи  пайдалы  қазбаларды  іздеу,  барлау,  өндіру,  байыту, өңдеу жұмыстарын жүргізеді және мыс пен басқа да пайдалы қазбаларды  экспорттайды. Компания  катодты  мыс  өндіруден  бөлек, алтын және күміс құймаларын, күкірт қышқылын, мыстың теллурит  және  селен  түрлерін, қорғасын  тозаңын шығарады.

 

 Кәсіпорын   туралы

 «Қазақмыс  корпорациясы» жоғары өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеті,  қажетті  энергетикалық және  жылыту  ресурстары, заманауи  технологиялық және  телекоммуникациялық  жүйесі, біліктілігі жоғары  мамандары бар,  бір сөзбен айтқанда  өндірістің көлемін   арттырып, одан әрі дамуға  мүмкіншілігі  мол   кәсіпорын.

 

«Қазақмыс» Тобы құрамындағы кәсіпорындар:

 «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС

  • «Жезқазғантүстіметалл» ӨБ;  Жезқазған  және Жыланды  тобы және Жаман Айбат кен  орындарын өңдеумен  айналысады.
  • «Балқаштүстіметалл» ӨБ: Шатыркөл, Қоңырат, Саяқ,Тастау, Солтүстік Николаевск,Белоусов  кен  орындарын  өңдеумен айналысады.
  • «Қарағандытүстіметалл» ӨБ;  Нұрқазған, Абыз, Ақбастау және  Құсмұрын  кен  орындарын өңдеумен айналысады.
  • Байыту фабрикалары- Сәтбаев, Жезқазған № 1,2, Балқаш, Нұрқазған, Қарағайлы.

 

«Sayk-4 Project» ЖШС, Саяқ-4 кен орнын өңдейді.

«Анисимов ключ Project» ЖШС, Анисимов ключ кен орнын өңдейді.

«Айдарлы Project» ЖШС, Айдарлы кен орнын өңдейді.

«Жанашыр Project» ЖШС, Жайсаң кен орнын өңдейді.

«Kazakhmys Coal» ЖШС, «Молодежный» көмір разрезін және  «Қушоқы» көмір разрезін өңдейді.

«Kazakhmys Energy» ЖШС:

  • Балқаш  ЖЭО.
  • Жезқазған  ЖЭО.
  • БТЭС.

 

«Kazakhmys Smelting» ЖШС:

  • Жезқазған мыс балқыту зауыты.
  • Балқаш мыс балқыту зауыты.
  • Мыс сымдар зауыты.

 

«Қазақмыс» пайдалы қазбаларды өңдеу саласында және кен орындарында Бөрлі, Жоғары бьеф, Эскула жер асты суларын жинап, пайдалануда  тәжірибесі мол компания. Корпорация заңды тұлға болып есептеледі және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  «Kazakhmys» Тобына жатады. Минералды-шикізат базасын нығайту және қамтамасыз ету мақсатында барлау жұмыстарын жүргізу үшін топ құрамынан   «Kazakhmys Barlau» ЖШС компаниясы құрылды. Қазіргі таңда «Қазақмыс корпорациясы»  жер қойнауын пайдалану туралы 30 дан астам келісімшарттың негізінде пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.