Басшылық
Владимир Сергеевич Ким
Казақмыс Президенті
«Kazakhmys Holding (Казахмыс Холдинг)» ЖШС Президенті
Владимир Сергеевич Ким 1960 жылы дүниеге келген. 1982 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтынның инженер-құрылысшы мамандығын тамамдаған. Америка Құрама Штаттарындағы Кеннеди атындағы Батыс университетінде дәріс алып, ал экономика, қаржы және маркетинг саласынан машықтануды (сынақ мерзімін) Корея, ГФР, Швейцария елдерінде өтті. Бизнес саласы мен әкімшілік басқару докторы, техникалық ғылымдар кандидаты.
Компаниядағы жұмысын 1995 жылы «Жезқазғантүстімет» АҚ Басқарушы директоры және Бас атқарушы директоры болып бастаған. 2000 жылдың желтоқсанында аталған компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
2005 жылы Владимир Сергеевич Лондон биржасындағы өз акцияларын тіркеген алғашқы компания – Қазақмыс тобы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
2005 жылдан 2013 жылдың мамыр айына дейін ол Қазақмыс компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта "Kazakhmys Holding (Казахмыс Холдинг)" ЖШС –нің Президенті.
Эдуард Викторович Огай
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар Кеңесінің Төрағасы
Эдуард Викторович 1969 жылы дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист – менеджер мамандығы бойынша тамамдаған. Мәскеу мемлекеттік таукен институтында (МГГУ) «Ашық тау-кен жұмыстары» (2003-2004), ал Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы Академиясында « Қаржы және экономика директоры» (2003-2004) және "Таукен минералды-шикізат халықтық университетінде" ( Санкт-Петербург) «Кенді даярлаудың, байытудың және шикізатты гидрометаллургиямен өңдеудің заманауи технологиялары» (2015) бағдарламалары бойынша кәсіби шеберлігін шыңдаған.
Эдуард Викторович еңбек жолын 2001 жылы Қазақмыс тобында халықаралық қатынастар және маркетинг салаларының директоры қызметінен бастады, ал 2005 жылдан бастап корпоративтік дамыту директоры болып қызмет атқарды.
2006 жылы Эдуард Викторович Қазақмыс тобының салалы компаниясы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Қазіргі кезде «КazakhmysHolding (Казахмыс Холдинг)» директорлар Кеңесінің Төрағасы және «Казахмыс корпорациясы» ЖШС-нің директорлар Кеңесінің Төрағасы қызметтерін атқарып жүр.
Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры
Владимир Викторович Джуманбаев«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС
Отын-энергетикалық кешенін басқару жөніндегі директоры – Атқарушы органының (Директорлар кеңесі) мүшесі
Владимир Викторович 1973 жылы туған. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік академиясын «Экономист» біліктілігін тағайындаумен «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Әртүрлі кезеңдерде әртүрлі компанияларда жетекші маманнан бастап бас директорға дейінгі лауазымдарды атқарды.
2006 жылдан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қаржы директоры болып жұмыс істеді.
2006 - 2018 жылдар аралығындағы кезеңде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да Басқарманың қаржылық-экономикалық мәселелер бойынша вице-төрағасы, Басқарманың корпоративтік даму бойынша вице-төрағасы, Шығыс Қазақстан бойынша басқарушы директор, коммерциялық директор, стратегиялық даму жөніндегі директор болып қызмет атқарды.
Қазіргі уақытта «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Отын-энергетикалық кешенін басқару жөніндегі директоры – Атқарушы органының (Директорлар кеңесі) мүшесі лауазымын атқарып отыр.
Ғалым Жұмабайұлы Нұржанов
«Kazakhmys Barlau (Қазақмыс Барлау)» ЖШС Бас директоры
Ғалым Жұмабайұлы Нұржанов 1980 жылы 11 желтоқсанда Жезқазған қаласында дүниеге келген. С.Н. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты қазу» мамандығы бойынша, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін, С. Орджоникидзе атындағы Ресей мемлекеттік университетін (МГРИ) жалпы геология мамандығы бойынша аяқтаған.
Өзінің кәсіби жолын 1999 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да үңгілеуші ретінде бастады. 2002 - 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінде, одан кейінгі екі жылда «Dzet Group» ЖШС Астана қаласындағы филиалының өнеркәсіп саласындағы сарапшысы болып жұмыс істеді.
2006 жылғы ақпан-қазан айларында «Raising Star Ltd» ЖШС-ның атқарушы директоры лауазымын атқарды.
2007 жылы Ғалым Жұмабайұлы «Сарыарқа ӘКК» ҰК» АҚ-да бас менеджер, кейін Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры лауазымдарын атқарды. 2010 - 2011 жылдары Шымкент қаласында «Үшгер» кен-химиялық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып еңбек етті.
2011 жылы «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына басқарушы директор болып қайта оралды.
2012 жылы «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ал 2013 жылғы 10 сәуірден бастап Басқарма төрағасы болып тағайындалып, компанияны басқарды.
2018 жылдан бері «Kazakhmys Barlau (Қазақмыс Барлау)» ЖШС Бас директоры лауазымын атқаруда.
Қазіргі таңда Ғалым Жұмабайұлы «Жас Геолог» КҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «ҚР өндірістік геологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Директорлар кеңесінің төрағасы және «El Úmiti» бағдарламасы шеңберінде геологиялық барлау бағытында салалық менеджерлер командасының көшбасшысы.
«Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 120 жыл» мерейтойлық медалі сияқты мемлекеттік наградалардың иегері.