Жемқорлықпен күрес
«Қазақмыс» Тобының компанияларында 2020 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерді іске асыру қамтамасыз етілді.
2020 жылда келесі жұмыс орындалды:
1. «Қазақмыс» Тобының заңды тұлғаларда мониторинг, көшпелі тренингтер өткізу, жергілікті актілер енгізу.
2020 жылға бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттарды құқықтық сүйемелдеу саласындағы Перспективті жұмыс жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС жергілікті актілерін «Қазақмыс» Тобының алты компаниясы: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Филиалы – «Қарағандытүстімет» ӨБ, «Kazakhmys Barlau» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Филиалы – Ғ.О. Омаров атындағы Шахтапроходкалау тресінде, Жезқазған шахтапроходкалау басқармасында, Балқаш шахтапроходкалау басқармасында, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Филиалы – «Балқаштүстімет» ӨБ-де енгізу бойынша практикалық көмек көрсету арқылы оларды енгізу тиімділігін мониторингілеуді өткізу жоспарланды.
Алайда, «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № Х/08-П-1 Тапсырмасына сәйкес, COVID-19 пандемиясының тарауына және карантин режімінің енгізілуіне байланысты Холдингтің барлық қызметкерлеріне 2020 жылғы 19 наурыздан ерекше өкімге дейін Қазақстанның аумағы бойынша қызметтік іссапарларға баруға тыйым салынды.
Осыған байланысты аталған кәсіпорындарға бару арқылы жоспарланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жергілікті актілерді енгізу тиімділігін мониторингілеу өткізілмеді.
2. Заңнама бұзушылықтарын хабарлау жөніндегі «Speak Up» қызметінің іс-қызметі.
Заңнама бұзушылықтарын хабарлау жөніндегі «Speak Up» қызметінің іс-қызметі «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № Х/249-ПР ««Speak Up қызметіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде «Қазақмыс» Тобы компаниялары құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттесу» регламентті және Speak Up қызметіне түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдау тегін «жедел желіге» үш тәсілмен: 8-800-080-8089 телефоны бойынша, speakup@kazakhmys.kz электронды мекенжайына, компанияның заңды мекенжайына (100012, Қарағанды қ., Ленин к-сі, 12) поштамен жүргізіледі.
Есептік кезеңде «Speak Up» қызметіне 51 өтініш келіп түсті (2019 жылдағы 58 өтінішке қарсы). Оның ішінде 49 (55) өтініш қаралды, 2 (2) өтініш қарау сатысында тұр.
Қаралған 49 (55) өтініштен:
- 12 (20) өтініш қанағаттандырылды, оның ішінде 2 (3) – қайталанған,
- 25 (28) өтініш кері қайтарылды, оның ішінде 1 (2) – қайталанған,
- 11 (6) өтініш бойынша түсініктеме берілді,
- 1 (1) өтініш бойынша анықтама жасалды.
Келіп түскен 51 өтініштен 29 (57%) өтініш еңбек құқықтық қатынастары, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы бұзушылықтарға қатысты болды, 7 (14%) өтініш бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларының әрекеттеріне шағым жасалды, 5 (10%) өтініш бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру тәртібімен және қорытындысымен келіспеушілік білдірілді, 2 (4%) өтініш мүдделер қақтығысы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттардың талаптарын сақтауға қатысты, 8 (15%) өтініш – өзге де мәселелер бойынша келіп түсті.
«Speak Up» қызметінің жұмысы туралы компания жұмыскерлері мен үшінші тұлғаларды ақпараттандыру компаниялардың өндірістік бөлімшелерінің аумағында ақпараттық постерлерді, сонымен қатар www.mykazakhmys.kz электрондық ресурсында байланыс ақпаратын, «ҚазақМыс» корпоративтік газетінде мәліметтер жариялау, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білім базасы» бағдарламалық жасақтаманы корпоративтік интранетте орналастыру арқылы жүргізіледі.
3. Контрагенттермен өзара әрекеттесу және контрагенттердің «Қазақмыс» Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін қабылдауы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында контрагенттермен өзара әрекеттесу «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының 15.05.2018 ж. № Х/2P шешімімен бекітілген Парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңнаманың сақталуына контрагенттерді алдын ала тексеру бағдарламасының, «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының 2016 жылғы 08 шілдедегі № 01-КН/95-ПР бұйрығымен бекітілген «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС контрагенттерді, шарт жобаларын, анықталған қауіп-қатер мен оның рұқсат етілген деңгейін бекіту тәртібін тексеру регламентінің («Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС 2018 жылғы 20 шілдедегі № Х/148-ПР бұйрығымен енгізілген өзгерістермен), сонымен қатар «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № Х/260-ПР бұйрығымен бекітілген «Қазақмыс» компаниялар Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін сақтаудан бас тартатын контрагенттерді келісу регламентінің (бұрын әрекет еткен 29.01.2016 жылғы №01-КН/4 шешім күшін жойған деп танылды) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2020 жылда компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттарын орындаудан контрагенттердің бас тартуы туралы 12 (47) өтініш қарауға келіп түсті. Мұның өзінде, Сауалнаманы толтырудан 6 (28) контрагент, шарт мәтініне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені қосудан - 2 (8) контрагент, Сауалнаманы толтырудан және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені қосудан - 4 (11) контрагент бас тартты.
Жоғарыда көрсетілген өтініштерді қарау нәтижелері бойынша 4 (22) контрагент сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелер болмағанда, шарттарды жасауға және одан әрі орындауға рұқсат етілген контрагенттер тіркеліміне қосылды.
«Қазақмыс» компаниялар тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін орындаудан бас тартқан контрагенттерге қатысты қалған 8 (25) өтініш бойынша, «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар Кеңесі төрағасының 11.12.2018 жылғы №Х-260-пр бұйрығымен бекітілген «Қазақмыс» компаниялар тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін сақтаудан бас тартқан контрагенттерді келісу регламентінің 6.5.3-тармағы негізінде, нарықтың және/немесе өңірдің көрсетілген сегментінде ұқсас тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұсынатын контрагенттер болмаған кезде, «Қазақмыс» компаниялар тобының құрылымдық бөлімшелерінің тиісті қызметін қамтамасыз ету үшін бір жолғы тәртіпте келісу берілді.
Келісу өлшемшарттары бойынша бөлумен келісілген контрагенттер тізбелері электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы тарату жолымен құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізіледі.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақмыс Тобы жұмыскерлерінің хабардарлығын арттыру.
Қазақмыс Тобы жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы іс-қимыл саласында енгізіліп жатқан саясаттар мен рәсімдер туралы хабардарлығын арттыру бойынша жұмыс жалғасуда. Жаңадан қабылданған жұмыскерлерге ерекше назар аударылады.
Есептік кезеңде жаңадан қабылданған жұмыскерлерді қоса алғанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кодекспен танысқан жұмыскерлердің жалпы саны 2577 (2812) адамды құрады.
Еңбек шарттарына, оның ішінде осындай келісімдерді жасау атқаратын лауазымына сәйкес міндетті сипатқа ие болатын жаңадан қабылданған жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарына 576 (673) қосымша келісім жасалды.
5. Мүдделер қақтығыстарын басқару.
«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС 2018 жылғы 9 қарашадағы № Х/240-ПР бұйрығымен бекітілген Мүдделер қақтығыстарын басқару регламентін (бұрын әрекет еткен 04.05.2016 ж. № 01-КН/6 шешімнің күші жойылды деп танылды) іске асыру аясында мүдделер қақтығыстарын ашу дұрыстығы мен толықтығына және оларды активтері «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС басқаруындағы заңды тұлғалардың бірінші басшыларының реттеу сапасына талдау жүргізілді.
Осы Регламенттің талаптарына сәйкес «Қазақмыс» Тобы компанияларының 973 (981), оның ішінде жаңадан қабылданған жұмыскері «Әлеуетті ықтимал, туындаған мүдделер қақтығыстары туралы ақпаратты ашу» А және Б нысанындағы Сауалнамаларды ұсынды. Сауалнамаларды толтыру кезінде 47 (28) мүдделер қақтығысы ашылып, реттелді.
6. Персоналды оқыту.
«Қазақмыс» Тобының жұмыскерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жергілікті актілердің негізгі талаптарына оқыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
23.12.2016 ж. № 351 бұйрыққа сәйкес «Қазақмыс» Тобының жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білім базасы» бағдарламалық жасақтама әрекет етеді.
Бағдарламалық өнім «Қазақмыс» Тобы жұмыскерлерінің дербес компьютерлерінің жұмыс үстелдерінде орналасқан, бұл дербес компьютері және тұрақты негізде корпоративтік желіні пайдаланушының есептік жазбасы бар жұмыскерлердің барлығының оған қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерді білуге жұмыскерлерге жалпыға міндетті тестілеуді жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. 2016 жылғы 13 шілдедегі № 01-КН/99-ПР бұйрықпен бекітілген, «Қазақмыс» компаниялар Тобының құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімінен өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 23.01.2017 ж. № 01-КН/16-ПР бұйрықтың талаптарын орындау үшін активтері «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС басқаруындағы заңды тұлғалардың бірінші басшылары, директорлары мен персонал жөніндегі менеджерлері жаңадан қабылданған жұмыскерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдер біліміне электрондық тестілеуден өтуін қамтамасыз етеді.
Есептік кезеңде электрондық тестілеуден 385 (370) жұмыскер (жаңадан қабылданған жұмыскерлерді қоса алғанда) өтті.
«Қазақмыс» Тобы компаниялары жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы хабардарлығын арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерге оқыту бойынша тренингтерді өткізу тәжірибесі жалғастырылған. Электрондық оқытумен 385 (370) адам қамтылды.
Көшпелі семинарлар өткізілген жоқ, себебі «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар Кеңесі төрағасының 2020 жылғы 19 наурыздағы №Х/08-П-1 тапсырмасына сәйкес, COVID-19 пандемиясының таралуына және карантин режимін енгізуге байланысты 2020 жылғы 19 наурыздан бастап ерекше өкімге дейін Холдингтің барлық жұмыскерлеріне Қазақстан аумағы бойынша қызметтік іссапарларға тыйым салынды.
7. Жергілікті актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын жүргізу.
Директорлар кеңесі төрағасының 10.04.2015 ж. №133 бұйрығының талаптарына сәйкес жобалардың, шарттардың (келісімдердің) және жергілікті актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы тұрақты негізде жүргізілуде. Есептік кезең ішінде 12 (47) шартқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерге қайшы келетін нормалардың болуына қатысты және 2 (0) жергілікті актіге (Процестік тәсілді қолданумен тәуекелдерді басқару тұжырымдамасын және ТБЖ әдістемесін бекіту туралы, Тәуекелдерді басқару жүйесіне кіретін компаниялардың тізбесін бекіту туралы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілді.
Осы есеп парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясаттар мен рәсімдерді құқықтық сүйемелдеу бойынша жүргізілетін жұмыс туралы «Қазақмыс» Тобының қызметін қысқаша жалпылау болып табылады.