Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
15 Наурыз 2021 ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ — МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

 «Қазақмыс» корпорациясы өзінің жаңа әлеуметтік жобасымен мүмкіндігі шектеулі балаларға  тірек болмақ.

Жасыратыны жоқ, бүгінде мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған ата-аналардың нәрестесінің дертінен құлан таза айығып, қатарластарымен бірге ойнауға ұмтылыс жасап, өзге елдерге сапарлап жатқанын естиміз. Ал шетелде  емделуге қаншама қаражат қажет екендігін өзіңіз жақсы білесіз. Көп ата-ана жергілікті жерлерде балаларды оңалту орталықтарының жұмысын жолға қою жөнінде жиі дабыл қағып жүр. Баланы аяғынан тұрғызу үшін арнайы оңалту курстары қажет. Ол курстың да бағасы қалтаға салмақ салмай қоймайды. Ата-аналар баласы  үшін бәрін жасауға дайын.  Біздің Жезқазған төңірегіндегі ата-аналар дамуы тежелген, сал ауруына шалдыққан балаларын алысқа бармай-ақ оңалтуға қол жеткізді.  «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС балалар бөлімінде жүйелі оңалтуға мүмкіндік алды.

 

 

— Өткен жылдың маусым айында «Қазақмыс» Холдингінің басшылығы Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында тұратын жұмысшылар отбасыларынан шыққан мүгедек балаларды сауықтыру және сауықтыру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады, — дейді «Медициналық орталық» ЖШС директоры Владимир Моторыкин. Емдеу мекемесіндегі балалар орталығы негізінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға мамандандырылған балалар орталығы ашылды.

 

— Біз  орталықтың жұмысын 20 оңалту кереуетінен бастадық. Әзірге корпорация қызметкерлерінің балаларын ғана қабылдаймыз, бірақ уақыт өте келе мүгедек балалар ата-аналарының қай жерде жұмыс жасайтындығына қарамастан осында емделетін болады.

 

Алдымызға Қазақстандағы ең жақсы балаларды оңалту орталығын құру мақсат етіп қойып отырмыз.  Ертеңгі күнге назар аударатын болсақ, мұндай мамандандырылған көмек көрсету мәселесі ең өзекті болып табылады.  Өйткені, өкінішке орай, мүгедектер санының және әр түрлі дамуында ауытқуы бар балалар санының өсуі ұлғаюда. Қазір мүгедектік аурулар өте көп: инфекциялық және соматикалық аурулар, жүйке жүйесі мен сенсорлық органдар, ақыл-ойдың артта қалуы және психикалық бұзылулар сынды диагноздағы балалардың қатарының өсуі ойландырады. Психикалық денсаулық мәселесі өте өткір болып отыр, аутист балалар көбейіп барады. Мұның сыртында компьютерге тәуелділік те күшейе түсті.

 

Корпорация өзінің жаңа әлеуметтік жобасымен мүгедек балаларды қолдауға пейіл танытты. Мүгедек балалар біздің қоғамның толыққанды мүшелері, бірақ өзгелермен өмір сүрудің бірдей деңгейіне қол жеткізу үшін жағдай жасау қажет. Сондықтан біздің балаларды оңалту орталығын жабдықтау үшін дамыған оңалту индустриясының жаңа инновациялық технологиялары, ең заманауи компьютерленген жабдықтар сатып алынады.

 

Бүгінде біз балаларға арналған кинезитерапия бағдарламасын жүзеге асыруда Бубновский орталығының мүмкіндіктерін пайдаланып жатырмыз және бұл біздің үлкен артықшылығымыз. Біз өз тарапымыздан корпорация басшылығының бұл бастамасын қолдауға барынша тырысамыз.

 

 

Бұл ұзақ мерзімді жоба, болашақта біз Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында әрбір кішкентай тұрғындарды барынша толық кешенді оңалту мақсатында республикалық бюджет есебінен мемлекеттік оңалту әлеуетін тартуды жоспарлап отырмыз. Енді ата-аналарға мүмкіндігі шектеулі балаларын өзге аймақтар мен шетелге апарудың қажеті жоқ, оларға жергілікті жерде көмек көрсетіледі, — деді орталық директоры  Владимир Моторыкин.

 

— Орталықтың мүмкіндіктері керемет, — деп церебралды сал ауруымен ауыратын жас науқастың анасы ата-аналардың балаларына көрсетілетін медициналық көмекке қанағаттануы туралы сұраққа жауап берді.

 

— Баламыз өмірге келгеннен бері емделдік. Біз Санкт-Петербургте, Алматыда, Қарағандыда, Астанада, тіпті Австрияда емханаларда болдық. Бірақ, осы орталықтың қызметі көіңілімзен шықты. Бұл клиника стандарттарға жақын. Біздің осында екінші рет келуіміз. Мұнда барлық жағдай жасалған. Оңалту тұрғысынан  біз  ортопедтің  барлық бағдарламаларын қабылдап,  реабилитациялық терапевтпен түзету жүргіздік. Дәрігерлер ұсынған  жеке бағдарлама бізді толығымен қанағаттандырады. Кез-келген клиникада су массажы, гидро-ванналар жоқ. Мұнда  емдеудің бірнеше түрлері жүзеге асырылады.  Сондай-ақ, гормондар үшін, биохимия үшін тестілердің толық жиынтығын тапсыруға болады. Оңалту жағдайында бәрі көңілімізден шығуда. Орталықтағы мамандар баланың ерекше екеніне түсіністікпен қарайды. Мұнда курс — 2-3 апта. Содан кейін үйде жалғастырып, міндетті түрде  дәрігерлермен байланысамыз. Олар  шұғыл түрде көмек қажет болған кезде қолұшын созады, — дейді ата-ана.

 

— Біздің балаларды оңалту бөлімі ашылғанға дейін, — деп  бастады әңгімесін  бас дәрігердің терапевтік бейім жөніндегі орынбасары Светлана Картаева.

 

— Мемлекеттік тапсырыс есебінен жылына бір рет мүмкіндігі шектеулі жезқазғандық балалардың құқығы бар. Олар көпсалалы аурухананың базасында ем қабылдайды. Бірақ, церебралды сал ауруымен ауыратын, ақыл-есі кем балаларға арналған оңалтудың бір курсы жеткіліксіз.

 

 

Біздің аймақта тірек-қимыл жүйесі мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы бар мүгедек балалар басым, психикалық ауытқулары бар жағдайлар да тән. Оңалту емінің бір курсы 10 күннен 20 күнге дейін созылуы мүмкін. Кейбір науқастарға жылына 2-3 оңалту курсынан өтуі мүмкін. Емдеу шығындарын толығымен «Қазақмыс» корпорациясы көтереді.

 

Корпорация еңбеккерлері құжаттарды тапсыру үшін «Қазақмыс» корпорациясының аймақтық әлеуметтік қызметтеріне жүгінуі керек. Өз кезегінде медициналық орталықтың мамандары аурудың ауырлығына және науқастың оңалту әлеуетіне байланысты ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдайды.

Қазір біз қайта жабдықтауға дайындалып жатырмыз, ескірген жабдықтардың  орнына жаңа қондырғылар келмек.

 

Мысалы, статикасы жоғарылаған тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған бірегей жаттығу жабдықтары жеткізіледі. Бұл құрылғы балалардың қимыл-қозғалысын реттеп, балаларды тұруға, жүруге бейімдейді. Қазіргі уақытта біздің медициналық орталықта балаларды оңалту бөлімі мен физиотерапия кабинетін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Физиотерапия бөлмесі мен балалар бөлімін жабдықтауға арналған заманауи жабдықтар да жақында жеткізіледі. Мұнда су астындағы душ, массаж, інжу ваннасы, фитобөшкелер, булы сауна болады.

 

Біз сонымен қатар мамандарды да дайындап жатырмыз. Жақын арада біздің дәрігерлер оқуға кетеді. Балалар бөлімінің меңгерушісі және дефектолог Астанадағы ұлттық балаларды оңалту орталығының базасында, Қарағандыдағы «Шипагер» оңалту орталығында оқудан өтеді. Сонымен қатар, балалар бөлімінің қызметкерлеріне дефектолог, логопед, массаж терапевті және кәсіптік терапевт бөлімшелері енгізілді, жұмыс істеп тұрған дәрігерлермен қатар оңалту терапевті оқытылды. Бүкіл көпсалалы мамандар тобын оқыту жоспарлануда. Біз сондай-ақ, балаларды коммерциялық негізде емдейміз, кез-келген ата-ана бізге баласын әкеле алады, — Светлана Картаева.

 

Холдингтік компаниялардың жұмысшылары мен қала тұрғындарына қамқорлық жасау әрқашан «Қазақмыс» басшылығының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. «Қазақмыс»  әлеуметтік бағдарланған компания бола отырып, әлеуметтік жағынан осал топқа жататын қызметкерлерге елеулі әлеуметтік қолдау көрсетеді.

«Қазақмыс» компаниясы басшылығының балаларды оңалту бастамасы қоғамның әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі іс-шаралардың жалғасы болып табылады және бұл жолы ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік және моральдық қолдауға бағытталған.

 

Суреттерді түсірген

Полина  КУЗНЕЦОВА.

Бағдат АЙТӨРЕҰЛЫ,

«Мысты өңір».

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.