Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
14 Сәуір 2021 А.Гайдиннің Қазақмыс ардагерлерімен кездесуі

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдиннің Жезқазған және Сәтбаев қалаларының өндіріс ардагерлерімен кездесуі 12 сәуірде Сәтбаев қаласындағы Кеншілер  алаңындағы  Қаныш Сәтбаевтің ескерткішіне гүлшоқтарын қоюдан басталды.

 

 

Ұлы ғалымды ұлықтаудан кейін Андрей Гайдин Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында  ардагерлермен дөңгелек үстел басында кездесіп, бірнеше мәселені талқылады.

Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов "Қазақмыс" корпорациясының басшылығына кеншілер қаласын дамытудағы өзара ынтымақтастығы, қала тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау үшін бірлескен күш-жігері үшін алғыс айтты. Өткен жылы пандемия асқынған тұста  корпорация қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуде үлкен көмек көрсетті, компания жұмысқа келген дәрігерлерге 12 пәтер сатып алды. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы аясында облыс әкімі арасындағы меморандум аясында 140 орындық балабақша салынды.

 

 

Андрей Гайдин Жезқазған кен орнының жұмыс қабілеттілігін ұзарту бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы айтып, өңір еңбеккерлері өмірінің әлеуметтік құрамдас бөлігін күшейтпей, қалыпты жағдай туғызбай өндірісті дамыту мүмкін емес екенін атап өтті.  Аймақтың болашағын ұзартып, келешегін кемелдендіру мақсатында бірнеше жобаларды  жұзеге асыру жоспарланып отырғандығын жеткізді Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

 

 

Ардагерлердің ұсыныстары корпорацияның қалаларды абаттандыруға одан әрі атсалысуына, ауыз су, жылумен қамтамасыз ету, өз өндірістерін дамыту және тағы баска өзекті мәселелерді шешуге бағытталды, сондай-ақ ардагерлер алатын жеңілдіктер тізбесін және алушылар тізімін кеңейту туралы өтініш жасады.

Андрей Гайдиннің айтуынша, олардың барлық өтініштері бақылауға алынды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.