Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
01 Маусым 2021 Қазақмыс компаниясының орналасқан аймақтардағы әлеуметтік бастамалары

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС даму жөніндегі директоры Бахтияр Әбдірахманұлы Қырықпышевпен сұхбат.

 

 

 

Бахтияр Әбдірахманұлы, Қазақмыс компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі дегеніміз не, сол жайлы әңгімелеп беріңізші?

 

Қазақмыс корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі қағидаттары жауапты бизнестің жағымды имиджін сақтауға және негізгі қызметі жүзеге асырылатын аумақтардың тұрақты дамуына барынша ықпал етуге бағытталған.

Біздің компания әлеуметтік жаққа бағдарланған әрі бүкіл іс-қызметі бойы өзі орналасқан аймақтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге ерекше назар аударады.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын іске асыру мемлекеттің функциясы мен міндеті болып табылатынын атап өткім келеді. Қазақмыс, өз кезегінде, қала құраушы кәсіпорын ретінде ерікті түрде өз үлесін қосуда.

 

Қазақмысқа аймақтардың тыныс-тіршілігіне араласып, олардың инфрақұрылымын дамыту не үшін маңызды?

 

Өздеріңіз білетіндей, Қазақмыс жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, аймақтың еңбекке жарамды азаматтарының үштен бір бөлігі біздің кәсіпорындарда еңбек етеді. Компания жұмыскерлерінің жалақысын уақтылы әрі толық көлемде төлеп, жер қойнауын пайдалану келісімшарттары, салықтар және басқа да төлемдер төлеу бойынша мемлекет алдындағы өз міндеттемелерін орындайды

 

Сонымен қатар, аймақтардағы тұрғындардың әл-ауқаты компанияның дамуына тікелей байланысты екенін түсінеміз, өйткені олардың едәуір бөлігі біздің кәсіпорындарымызда жұмыс істейді немесе бізге өз тауарларын жеткізіп, қызметтерін көрсетеді. Бұдан басқа, кез келген бизнес жергілікті халық тарапынан да, біз ұзақ жылдар бойы жемісті ынтымақтасып келе жатқан билік тарапынан да өзінің қызметін қолдауға мұқтаж.

 

Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында шешімін таппай отырған бірқатар әлеуметтік проблемалардың бар екенін біле отырып, біз шеттеп қала алмаймыз және өз бастамамызбен қайырымдылық және демеушілік көмек, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру түрінде үнемі жан-жақты қолдау көрсетеміз.

 

 

Бүгінгі таңда Қазақмыс аймақтарды дамытуда қаншалықты жүйелі түрде жұмыс жүргізуде?

 

Корпорация құрамында арнайы Аймақтық даму қызметі құрылды. Аймақтарымыздың даму деңгейін бағалау үшін біз БҰҰ әдістемесін негізге алдық, оған сәйкес, бірінші кезекте, экономиканың жетілуінің базалық деңгейін арттыру, яғни аймақ тұрғындарының тыныс-тіршілігіне қажетті негізгі сұраныстарын шешу қажет.

Біз барлық бағыттар бойынша жағдайды тұтастай зерттедік. Бірқатар зерттеулер мен әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді. Қазақмыс негізгі проблемаларды анықтап алып, Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалалары мен Ұлытау ауданын 2025 жылға дейін тұрақты дамудың бірлескен бағдарламасын әзірлеп, оған бастамашылық жасады, ол облыс және қала әкімдіктері тарапынан қолдау тапты.

Бұл бағдарламаның негізгі міндеттері: өмір сүруге қолайлы жағдай жасау, бірінші кезектегі әлеуметтік мәселелерді шешу және аймақтардың экономикасын әртараптандыру болып табылады.

 

 

 

Іске асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобалар туралы қысқаша айтып өтсеңіз?

 

Қазақмыс Аймақтарды дамыту бағдарламасына қатысу аясында халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етуде, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының тұрғын үй мәселелерін шешуде, бастауыш білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік сапасын арттыруда және тамақтану нарығын тұрақтандыруда мемлекетке көмек көрсетуді ұсынды.

 

Мысалы үшін, корпорация сумен жабдықтау саласында Эскула және Үйтас-Айдос жерасты көздерінен Жезқазған және Сәтбаев қалаларын таза ауызсумен толық қамтамасыз ету жобаларын іске асыру үшін қажетті құжаттаманы әзірлеу міндеттемесін өзіне алды. Сондай-ақ Қазақмыс Үйтас-Айдос су тартқышына жөндеу жүргізілетін жағдайға арнап, су қоймасынан резервтік су тартқыш салды. 

 

Компания көпбалалы жұмыскерлерге тұрғын үй береді: 2019 жылы біз 10 төрт бөлмелі пәтер, 2020 жылы тағы - 131 пәтер сыйға тарттық. Биыл қалалық медицина ұйымдарының қызметкерлеріне 52 пәтер береміз.

Апаттық жағдайдағы тұрғын үй проблемасын шешу үшін біз көп қабатты тұрғын үйлер салуға арналған жобалау құжаттамасын әзірлеуге көмектесеміз.

 

Бастауыш және орта білім беруді дамытуға елеулі үлес қосылатын болады. Өткен жылдың тамыз айынан бастап біздің бастамамыз бойынша облыстың орта мектеп мұғалімдеріне арналған Кәсіби даму мектебі өз жұмысын бастады. Компания 2 жыл ішінде 6 үлкен балабақшаны салып, толық жабдықтайды. Әкімдіктердің сұрауы бойынша орта мектептерді материалдық-техникалық жарақтандыруға қол ұшын береді.

2022 жылы Сәтбаев қаласында балаларға болашақ мамандықтарымен танысуға, ал жастарға - өз мамандығын еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай өзгертуге мүмкіндік беретін «Білім беру және жұмысқа орналастыру орталығы» ашылады.

 

Денсаулық сақтау саласын дамытуда да орасан зор жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сәтбаев қаласында денсаулық сақтау жүйесіне бірегей ғылыми зерттеулер жүргізіліп, қорытындысы бойынша облыс әкімдігімен бірлесіп Қала халқының денсаулығын сақтаудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Осыған ұқсас бағдарламалар Балқаш және Жезқазған қалалары үшін де дайындалуда.

Компания өзінің және мемлекеттік клиникаларды қажетті медициналық жабдықтармен, жеке қорғаныш құралдармен және дәрі-дәрмектермен жабдықтай отырып, әлемдік короновирус пандемиясымен күресуге белсенді қатысады.

 

Аймақтарымызда қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасау үшін бірқатар жобалар да іске асырылуда.

Жезқазған қаласында «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы іске қосылып, оның аясында Есенберлин көшесіндегі 7-7А-9 тұрғын үйлер және № 3 орта мектеп бейне бақылау аппаратымен және жарықпен толық қамтылды, бұл шара құқық бұзушылық санын азайтуға септігін тигізеді. Осыған ұқсас, бірақ біршама ауқымды жоба Сәтбаев қаласының «Нұрлы-мекен» шағын ауданында да енгізіліп жатыр.

Жедел полиция қызметкерлеріне материалдық-техникалық жағынан қолдау көрсетіледі, атап айтқанда байланыс құралдарымен, көлікпен, киім-кешекпен, ұйымдастыру техникасымен жарақтандырылады.

 

Бірнеше жылдар бойы Кеңгір су қоймасының жағалауы көгалдандырылды. Өткен жылдан бастап Сәтбаев қаласының көшелерін көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары басталды, Жезқазған қаласында алғашқы пилоттық аула өз жұмысын аяқтады. Ғарышкерлер бульвары қайта жаңартылды, әкімдіктердің өтініштеріне сәйкес басқа да қалалық қоғамдық орындарды абаттандыру мүмкіндігі қарастырылуда.

 

Қазақмыс Жезқазған аймағындағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру іс-шараларына белсенді қатысады. 2018 жылы аймақтағы ең ірі сауда орталығы – ULY DALA гипермаркеті ашылды. Өткен жылы біз Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында 20 шағын маркеттен құралған бөлшек сауда желісін құруға кірістік, оның 18-і іске қосылды. Балқаш қаласында осындай шағын маркеттер салу мүмкіндігі қарастырылуда.

 

Компания туризм, мәдениет және спортты дамытуға да белсене араласады.

Ұлытау аймағының бірқатар туристік нысандары үшін ЖСҚ қаржыландыру бойынша мемлекетке көмек көрсетілді. Металлургия мен тау-кен ісі қалыптасқан тарихи орындарға туристерді тарту мүмкіндігі зерттелуде.

Салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортпен айналысуға тарту үшін «Намыс» спорт клубымен ынтымақтастық жасаймыз. «Канск» СК қайта жөнделіп, онда ең үлкен күрес залы ашылды.

Мәдениет нысандарына көмек көрсету де жоспарда бар.

 

 

 

Бастамаларыңызды халық қалай қабылдайды? Ойға алған бағдарламаны табысты іске асыру үшін қандай қолдау қажет?

 

Компанияның атқарған жұмыстарының нәтижелері айтарлықтай әрі көпшіліктің алғысына да бөленген. Әрине, әлеуметтік желілер арқылы аймақтың кейбір проблемаларына Қазақмысты айыптауға тырысатын адамдар да кездесіп жатады, меніңше мұндай адамдар кез келген қоғамда болады.

Біз сындарлы ұсыныстар мен сынға әрқашан дайынбыз, өйткені бұл дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

 

Дегенмен, Қазақмыс компаниясы негізгі қызметі өндіріс болып табылатын бизнес субъектісі екендігіне тағы да назар аудартқым келеді. Біздің барынша жауапты міндетіміз - жұмыс орындарын ұсыну, жалақыны, салықтарды төлеу және заңнаманың басқа да талаптарын сақтау.

Аймақтардағы әлеуметтік жобалар - бұл әлеуметтік бағдарланған компания ретіндегі біздің жеке бастамамыз, біз оны ерікті түрде, жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша және оларды қолдау мақсатында іске асырамыз.

 

Аймақтарды дамытудың белгіленген бағдарламасын одан әрі іске асыруға келетін болсақ, Қазақмыстың әлі де көптеген бастамалары бар, оларды біз кезең-кезеңімен жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

Бірақ бұл жерде көп нәрсе әкімдіктерге де байланысты, өйткені салынған немесе абаттандырылған объектілер мемлекетке сыйға беріледі. Жаңа нысандар қала мен тұрғындарға өз пайдасын тигізу үшін оларды тиісті дәрежеде күтіп ұстау керек, әйтпесе бұл оларды тез арада жарамсыз күйге келтіруі мүмкін. Сондықтан біз өз бастамамызды іске асырмас бұрын, алдын ала әкімдіктердің іске асырылатын жобаны қабылдауға дайындығы туралы кепілдігіне жүгініп, оны одан әрі күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге тиіспіз.

 

Жергілікті биліктің, тұрғындар мен бизнестің, оның ішінде біздің компанияның бірлескен күш-жігері мен әлеуметтік коммуникациялары аймақтарға осы өңірлердің одан әрі дамуына және тыныс-тіршілігі деңгейін арттыруға, ал келешекте «шахтерлер мен металлургтер қаласынан» «экономикасы дамыған жайлы қалаға» айналуына мүмкіндік береді деп үміттенемін.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.