Жаңалықтар
Жыл сайын Балаларды қорғау күніне орай «Қазақмыс» дәстүр бойынша мерекелік іс-шаралар өткізеді: байқаулар ұйымдастырып, сыйлықтар ұсынып, балалардың есінен кетпестей ерекше көңіл-күй сыйлайды. Сонымен қатар, осы күні компания өкілдері өндірісте қайтыс болған жұмыскерлердің отбасына барып, балаларын мерекемен құттықтайды.
Биыл компанияның әлеуметтік қызмет жұмыскерлері Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында отыздан астам отбасына барды. Балаларға қуаныш сыйлап, тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар табыс етілді, сондай-ақ Қазақмыстың жұмыскерлері бұл отбасылардың неден мұқтаждық көріп отырғандарын біліп қайтты. Компанияның әлеуметтік саясаты әртүрлі тіршілік жағдайларында көмек қолын созуды көздейді және бұл мереке – балалар мен жасөспірімдерге зор ықыласпен қамқорлық танытудың бір себебі.
Корпорация ата-анасы өндірісте қайтыс болған балаларға әрқашан ерекше көңіл бөледі. Осы ұл-қыздар мыңдаған өкілі бар корпорацияның ұжымы мен басшылығының қолдауын сезініп, болашаққа нық сеніммен қарай алады.
Өз кезегінде, көңіл бөлінген отбасылар қонақтарға ризашылықтарын білдірді.
- Аймақтағы барлық балаларды осы жарқын мерекемен құттықтаймын! Балаларымыздың балалық шағы алаңсыз, болашағы жарқын болсын, бізге әрқашан қуаныш сыйласын! «Қазақмыс» біздің балаларымызды ешқашан ұмытпайды, қамқорлық көрсетеді, бұл корпорацияның аса құнды қасиеті», – деп өз қуанышымен бөлісті аналардың бірі Ақнұр Ибрагимова.