Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
11 Маусым 2021 ҰМЫТУҒА БОЛМАЙТЫН ТАРИХ

Израиль мемлекетінің елшісі Лиат Вексельман барлық қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар үшін қайғылы күн 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Жезқазған қаласына барды.

 

 

Жұмыс сапары барысында елші Степлагқа барды, онда қуғын-сүргінге ұшырағандар лагерінің қабырғасында қаза тапқан еврейлердің құрметіне ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті.

 

Маңызды тарихи кешенді аша отырып, елші Лиат Вексельман қазақ халқына ауыр уақытта қуғын-сүргінге ұшыраған еврейлерге көмектескені, саяси тұтқындардың аман қалуына жәрдемдесіп, соңғы кесек нанымен бөліскені үшін алғысын білдірді.  

 

 

Үлкен террордың салдары бұрынғы Кеңес Одағының барлық халықтарына әсерін тигізді. Олардың арасында тоталитарлық сталиндік режимнен зардап шеккен шешендер, еврейлер, украиндар, белорустар және басқа да көптеген халықтар бар.   

 

Ескерткіш тақтаны ашумен қоса елші саяси тұтқындардың тұрмысы мен салтына, өмірлеріне қызығушылық білдірді. Ол тұтқындарға арналған лагерьдің ғажаппен сақталып қалған қирандыларына барып, жер аударылғандардың қандай жағдайда тұрғанын көрді. Осы жерде Степлаг мұражайының (Мәскеу қаласы) көмегінің арқасында қазір кешенді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кетуді жөн көрдік.

 

 

Израиль мемлекетінің елшісі Лиат Вексельманның жұмыс сапары барысында баратын объектілер тізіміне сондай-ақ «Ulytay Nan» нан зауыты, «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Мыс қорыту зауытының катодты цехы кірді. Жоғары мәртебелі қонақ ЖМЗ катодты және анодты цехының жұмысымен танысты, оған 99,99 белгісімен ең жоғары сынамалы мыс алу процесі көрсетілді.   

 

Ғарышкерлер бульвары бойынша экскурсияны «Қазақмыс» корпорациясы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров жүргізді. Ол қонақты «Кетбұқа» мемориалдық кешенімен таныстырып, әйгілі ақынның аңызға айналған тарихы туралы айтып, жұмыс делегациясына естелік медальдар табыстады. 

 

 

Жұмыс сапарын аяқтай отырып, Лиат Вексельман кінәсіз қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы естеліктерді сақтап қалғандары үшін қазақстандықтарға алғысын білдіріп, мұндай сапарлар кейінгі ұрпақтың тарихтың қайғылы парақтарын ешқашан ұмытпауға, тарихпен жанасуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

 

Қала әкімдігінде өткен жұмыс жиналысы Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының көптеген салалары үшін болашақтың әлеуетін анықтауға мүмкіндік берді.  

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.