Жаңалықтар
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
Басқармасы төрағасының
бірінші орынбасары
Андрей Павлович Гайдиннің атынан
«Қазақмыс» корпорациялық сайтына хабарлама
«Қазақмыс» Тобы 2021 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап компания жұмыскерлерінің жалақысын көтеру бойынша бұрын жарияланған шаралардың жалғасатыны туралы хабарлайды.
Осылайша, негізгі азық-түлік өнімдеріне, азық-түлікке жатпайтын тауарларға, коммуналдық және басқа да қызмет түрлеріне бағаның өсуіне жүйелі түрде жүргізілген талдау негізінде 2021 жылғы 01 шілдеден бастап жалақыны орта есеппен 12,2 пайызға көтеру жоспарлануда, бұл республикадағы инфляциялық процестердің күтілетін ресми өсу деңгейін жабуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін «Қазақмыс» Тобы компаниялары жұмыскерлерінің жалақысы 01.01.2021 жылдан бастап 8,3 пайызға көтерілген болатын.
Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақмыс» Тобының компаниялары жұмыскерлерінің орташа жалақысының жалпы өсімі 20,5 пайызды құрайтын болады.
Әлемдік нарықта мыстың тұрақты нарықтық құнын белгілеуді ескере отырып, компания инвестициялық жобаларды, өндірістік қуаттарды қолдау және компанияның әлеуметтік бағдарламаларын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қосымша қаржыландыруды жүзеге асырды.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша өндіріс жоспарларының болжамды орындалуын есепке ала отырып, жұмыскерлердің еселі және адал еңбегін ынталандыру мақсатында компания басшылығы 2021 жылдың маусым айында «Қазақмыс» Тобы компанияларының барлық жұмыскерлеріне айлық лауазымдық жалақы/тарифтік мөлшерлеме мөлшерінде біржолғы сыйақы төлеу туралы шешім қабылдады.