Жаңалықтар
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин және «Мэйкер» ЖШС Басқарма төрағасы Жәнібек Байғабелов бүгін Жезқазған қаласындағы құю-механикалық зауытының жаңа басшысын еңбек ұжымына таныстырды.
Кезектен тыс кездесуді ашқан Қазақмыс корпорациясы Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Жезқазған ҚМЗ корпорацияның құю өндірісінің флагманы болып табылатынын хабарлады.
- Құю өндірісін қолдау және дамыту біз үшін стратегиялық маңызды міндет болып табылады, өйткені Корпорация жыл сайын 10 мың тоннадан астам құю өнімін тұтынады, - деп атап өтті Андрей Гайдин.
Оның айтуынша, Қарағанды өңірінде ҚМЗ - нан басқа Жөндеу-механикалық және құю активтері де бар, мысалы, Балқаш Жөндеу-механикалық зауыты.
- Бұл ретте сапалы механикалық өңдеу үшін қуаттардың болуына байланысты бізде сыртқы тапсырыстарды орындауға тұрақты сұрау салулар бар, - деп хабарлады спикер.
2018 жылы өндірісті жаңғырту кезеңінен өткен ҚҚМЗ-ның табысты тәжірибесін «Қазақмыс» басшылығы Жезқазғанда да қолдануға шешім қабылдады.
-Өкінішке орай, ҚМЗ технологиялық жабдығы моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген, біз әлі күнге дейін қол еңбегінің үлкен көлемін көздейтін 60 - шы жылдардағы құю технологиясына жұмыс істеп жатырмыз, - деп хабарлады Андрей Павлович. Қазақмыс Тобы компанияларының құю қуаттарын жаңғырту және дамыту мақсатында Игорь Веретенниковтың басшылық қызметінде мол тәжірибесі бар металлургті тарту туралы шешім қабылданды.
- Игорь Васильевич еңбек жолын 1992 жылы Теміртау қаласында балқыту шебері ретінде бастады. Сол сәттен бастап Теміртау металлургия комбинатында (Рудный қ.) көптеген табысты жобаларды іске асырды.
Бүгіннен бастап ол қолданыстағы өндірістің тиімділігін арттыру бағдарламасын, сондай - ақ жаңғырту жобасын әзірлеуді бастайды, - деп қорытындылады Андрей Гайдин.
Сөз соңында ҚҚМЗ Басқарма төрағасы Жәнібек Байғабелов «Қазақмыс» компанияларының басшылығына құю өндірісін қолдағаны және кезекті жаңғыртқаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол зауыттың жаңа басшылығына табыс тіледі.
Кеңес соңында Андрей Павлович ұжымды келе жатқан Металлург күнімен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, жақсылық, тұрақтылық және қажырлы еңбек тіледі.