Жаңалықтар
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Металлург күнін Жезқазған мен Балқаштың көптеген тұрғындары атап өтеді, олар өздерін мыс балқыту зауыттары, қосалқы және қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдар кіретін үлкен тау-кен кешенінің құрушылары деп санайды. «Металлург – әлемде үлкен құрметке ие, адамзат үшін аса қажетті мамандық.
Таңдап алған кәсіпке деген жауапкершілік, адалдық пен біліктіліктің арқасында Сіздер өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, заманауи қондырғыларды қолданысқа енгізуге, технологиялық процестерді жетілдіруге күш салып келесіздер. Бұл кәсіпорынға жүктелген міндеттерді орындап, еңбек өнімділігі мен алынатын өнім көлемін арттыруға, ассортиментті кеңейтуге және жаңа рыноктарды бағындыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі металлургтер – корпоративтік рухы мықты, игі дәстүрлерді берік ұстанған еңбек династиялары.
Металлургтің жұмысындағы басты талаптардың бірі-қауіпсіздік ережелерін сақтау. Біздің әрқайсымыз жұмысымыздың оң нәтижесі әр қызметкердің жұмыс орнындағы еңбекті қорғауға жауапты көзқарасына байланысты екенін түсінуіміз керек. Компания басшылығы өз кезегінде осы бағытқа орасан зор қаражат сала отырып, еңбек қауіпсіздігін жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Мереке қарсаңында «Қазақмыстың» дамуы мен қалыптасу кезеңдерінің басы-қасында болған, көптеген жылдар бойы компанияның іргетасын қалап, оның нығая түсуіне үлес қосқан, өндірістің дамуына ықпал еткен мамандардың еңбегін атап өткіміз келеді. Әлбетте, олар өздеріне лайықты ізбасар дайындаған – біздің ардагерлер!
Металлургтер мен сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Мықты денсаулық, жұмыста тұрақтылық пен табыс тілеймін! Отбасыларыңыз аман болсын!»
ГАЙДИН АНДРЕЙ ПАВЛОВИЧ,
«ҚАЗАҚМЫС» КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ