Жаңалықтар
Айгүл Қалимолдаева кәсібін жүрегімен таңдаған болатын. 2002 жылы ол өндіріске жас маман ретінде келді. Оның алғашқы және жалғыз жұмыс орны – Жезқазған мыс қорыту зауытының техникалық бақылау бөлімі. Мансап жолын кіріс шикізаты мен жартылай дайын өнім бақылаушысы лауазымынан бастап, одан кейін ол аға бақылаушы, 2007 жылы ауысым шебері, кейіннен жетекші инженер болды. Жұмыс оны жаңа білім алуға және, әрине, жоғары білім алуға итермеледі. О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Металлургия» мамандығы бойынша білімі өз жемісін берді. Белсенді және болашағы зор жас қызметкер өзін табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында байқата алды. Ол өз ісіндегі үздік мамандардың қатарына кірді. Біраз уақыттан кейін Айгүл Аманғалиқызы ТББ учаскесі бастығының орынбасары болып тағайындалды, кейіннен ол осы аса маңызды бөлімді басқарды.
— Техникалық бақылау бөлімінің функционалдық міндеттеріне өнімнің сапасын бақылау және технологиялық процесті жүргізу кіреді. Сонымен қатар бөлім жұмыскерлері шикізатты қабылдау, дайын өнімді шығару және жөнелту бойынша барлық есептерді жүргізеді. Ұжымымыз тату және ұйымшыл. Мұнда өз ісінің нағыз кәсіпқойлары еңбек етеді, олар өздерінің лауазымдық міндеттеріне ерекше сүйіспеншілікпен қарайды.
Нұржамал Сексенбаеваны, Ақтоты Айтмұқанованы, Айжан Мейрамованы, Марина Вызованы, Кенжегүл Такированы, Гаухар Баязитованы жеке атап өткім келеді. Өндірістегі алғашқы қадам басқан кезімде маған, жас маманға, менің тәлімгерлерім мен басшыларым Зәуре Әбдірахманова, Алина Ефимычева, Зәуре Төлегенова, Киалша Шенеуова, Наталья Михаленко, Ирина Купер, Алма Байтенова, Гүлшат Серікова баға жетпес көмек көрсетті. Олардың кеңестерінің арқасында мен осы мамандықтың қыр-сырын түсіндім. 2018 жылы мені ТББ маманы ретінде Алматы қаласына республикалық Сапа күнін мерекелеуге шақырды.
Отбасым, жақындарым мен туыстарым – менің кез келген жағдайда қолдау көрсететін тірегім. Мен екі баланың анасымын және Еркеназ, Арайлым, Мадияр деген үш немеренің әжесімін. Ұлым Нұрболат өндіріс жұмыскерлерінің әулетін жалғастыруға шешім қабылдады, ол ЖМЗ-да қорыту цехының шебері болып еңбек етеді. Қызым Айсұлу бизнес саласын игерді. Ол жеке кәсіпкер. Ағам да өндірісте жұмыс істейді, Шахтер жолын таңдады, көп жылғы адал еңбегі үшін III дәрежелі «Кенші даңқы» медалімен марапатталды. Жеңгем ЖБФ-да, ал әпкем мыс қорыту зауытында жұмыс істейді. Біз шағын отбасылық әулетпіз деп айтуға болады, - дейді кейіпкеріміз.
— Мен барлық бос уақытымды отбасыммен өткізгенді ұнатамын, жақын адамдарымды үйдегі дәмді де тәтті тағаммен қуантуға тырысамын. Кейде шабытым да ойнап кетеді, мұндай кездерде өлең шығарып, поэзиямен айналысқанды да жақсы көремін. Менің сүйікті ақындарым – қазақ халқының аты әйгілі ұлы мен қызы Мұқағали Мақатаев, Фарида Оңғарсынова, олар өз шығармаларында Отанға деген сүйіспеншілікті жырлап, шынайы патриотизмге жетелейді.
Мен өз жұмысымды қатты жақсы көремін. 19 жыл ішінде тәжірибе жинақтап, ұжымда жұмыс істей білу қабілетім шыңдалды, жалғыздың шаңы шықпас дегендей, бір адамның қолынан не келеді? Жұмыс – бұл әрқашан ұжымдық еңбек. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және сүйікті мыс қорыту зауытымыздың 50 жылдық мерейтойы қарсаңында баршаңызды осы тамаша мерекелермен шын жүректен құттықтаймын, еңбекте табыс және отбасына амандық тілеймін, — деп әңгімемізді аяқтады Айгүл Қалимолдаева.
Светлана ДЕМЕУОВА,
Жезқазған
Фото Виктор ШАВНЕВТІКІ