Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
03 Тамыз 2021 СҰЛУ ЖАР, АҚЫЛДЫ ӘЙЕЛ, БІЛІКТІ МАМАН

Бұл теңеулер «Балқаштүстіметалл» ӨБ Жөндеу-механика зауытындағы еңбек персоналы қызметін ұйымдастыру жөніндегі аға инженер Олеся Михайловна Максудоваға арнап айтылғандай. Нәзік, сүйкімді әйел өндіріс саласында тәжірибесі мол, білікті маман ғана емес, үріп ауызға салғандай екі қыздың анасы, отбасында өмірлік жарының ақылшысы, үйдегі тірегі.

 

 

Олеся – үлкен әулеттің өкілі. Нағашы атасы Леонид Григорьевич пен әжесі Людмила Степановна Гуслетовтер ұзақ уақыт бойы Балқаш тау-кен металлургия комбинатында еңбек етіпті. Анасы Елена Леонидовна Гиль бүгінде «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-де жұмыс істейді. Олеся 1998 жылы отбасындағы аға буынның жолын қуып, осында, Балқаш тау-кен металлургия комбинатына жұмысқа шығады. Ол елдегі ірі әрі атақты кәсіпорында еңбек еткенін мақтан тұтады. «Мен мұнда отбасының, тұтас бір әулеттің ата кәсібіне деген махаббатпен келдім», - дейді Олеся.

 

Олеся – экономист-менеджер, Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін өндірістен қол үзбей-ақ бітіріп алды. Еңбек жолын Орталық зертханада химиялық сараптама маманы болып бастады. 2005 жылдан бастап Жөндеу-механика зауытының Еңбек және жалақы бөлімінде еңбек етті. Алдымен сол цехта ІІ санатты инженер, кейін  Жөндеу-механика зауытындағы еңбек персоналы қызметін ұйымдастыру жөніндегі аға инженер атанды. 

 

 

– Жұмысым өзіме қатты ұнайды, - дейді Олеся Максудова. - Ұдайы адамдармен араласып, кәсіпорындағы қайнаған тірліктің қақ ортасында жүреміз. Әріптестермен бірге «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» еғбек етеміз, жұмыскерлер құқы аяқ-асты болуына жол бермеуге тырысамыз.

 

Олеся тәжірибелі маман ретінде еңбекке жаңадан араласқан жас мамандарды кәсіптің қыр-сырына баулиды. Тәжірибелі мамандар уақыт өте келе демалысқа шығады, олардың орнын басатын жас буынның аяғын нық басып кетуі үшін біраз тер төгу қажет. Оқыту, білгенін үйрету – Олесяның сүйікті ісі екені күлімдеген көздерінен көрініп тұрғандай. Кәсібіне шын берілген адам жұмысты дөңгелентіп қана қоймай, төңірегіндегілерге пайдасын тигізуге тырысатыны рас. Олеся Максудова осындай мамандардың жарқын үлгісіндей. Ол жанында жүрген адамдарға, жолдасы – Максим, қыздары – Кристина мен Екатеринаға да жан жылуын сыйлайтыны хақ. Үлкен қызы – студент, Алматыда оқиды. Сосын жасы сегізге толған тағы бір қызы бар. Міне, Максудовтар отбасының ең бастығы байлығы осылар.

 

 

Үй шаруасы мен жұмысты қатар алып жүруге Олеся әбден дағдыланған. Екеуі бір-біріне ешқашан кедергі болған емес. Жұмыста да оған үлкен сый-құрметпен қарайды. Өйткені, 15 жыл бойы жинаған тәжірибесі мен абыройы жеткілікті.     

Олеся мен Максим осы тәлім-тәрбиені қазір қыздарына сіңіруге тырысып бағуда. Олар, қыздарымыз өмірден өз орындарын тауып, бақытты ғұмыр кешсе екен. Таңдаған кәсіптері олардың сүйікті ісіне айналып, бақуатты өмір сүрсе екен деп армандайды. Мұндай ойлар Олесяны әсіресе тыныш жерде, бос уақытында стразалардан түрлі түсті сурет жасап отырған кезде мазалайды.   

 

Ләззат Смағұлова,

Балқаш

Фото автордікі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.