«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Нұрқазған байыту фабрикасын реконструкциялау жобасы 2015 жылдың сәуір айында іске қосылды, 2019 жылдың шілде айына дейінгі аралықты қамтиды.
Оның мақсаты – өңделген кеннің көлемін жылына 3,5 нан 4,0 млн. тоннаға дейін ұлғайту және мыс концентратындағы мысты алу көрсеткішін көбейту. Жобаға ұсақтау және флотациялық қондырғыларды орнату арқылы Нұрқазған БФ аумағында жаңа корпустың құрылысын салу кіреді.
Реконструкция нәтижесінде мыс концентратындағы мыстың үлесі 18% кем емес, ал мыс концентратының ылғалдығы 9% кем болмайды деп күтілуде.
Жобаның құны – 23,5 млн. АҚШ доллары.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Нұрқазған БФ реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін «толығымен аяқтау» қағидасы бойынша СП ЗАО «ИВС» ( БК ЖАҚ «ДЕС» Бірлескен Кәсіпорын Жабық Акционерлік Қоғам «Дайындау, Енгізу, Сервис») компаниясы тартылды.
Ұзақ мерзімді перспективада Нұрқазған байыту фабрикасын реконструкциялау 2029 жылға қарай жылына 6,0 млн тонна кен өндіру қуатына шығуға мүмкіндік береді.