Форумның негізгі мақсаты қазақстандық қызмет көрсету түрін пайдаланып , өнім шығарып, жеткізушілермен өзара серіктестік қарым-қатынасты ұзақ жылдарға тағайындау.
Іс-шараның негізгі міедеттері:
- қатысушыларды корпорацияның жабдықтау стратегиясымен таныстыру;
- өнім шығарып, ұсынушылар , қызмет көрсетушілер мен корпорацияның әр сала (бөлім) өкілдерінің бір алаңда кездесіп, пікірлесуін ұйымдастыру;
- Қазақмыс корпорациясына өз өнімдерін ұсынушы жақтың көрмесін ұйымдастыру.
Отандық өнім шығарушылар алғашқы рет 2009 жылы Қарағанды қаласында өткен «Қазақстандықты таңдаймыз!» -атты 1 Республикалық форумда бас қосқан болатын.Бұл форумның бастаушысы әрі ұйымдастырушысы, ҚР индустрия және жаң технологиялар Министрлігі мен Қарағанды облысы әкімшілігінің қолдауымен «Қазақмыс» корпорациясы болды.
Форум жұмысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы институттарынан, бизнесмендерден 600 мың адам қатысты.Форум аясында ұйымдастырылған отандық өнімдер көрмесі қазақстандық өндіріс орындарының қаншалықты қуатты екендіктеріне қатысушылардың көзін жеткізді.
2010 жылы «Қазақмыс» корпорациясы «Қазақстандықты таңдаймыз» атты Республикалық 2 форум мен көрмені Қарағанды қаласында өткізді. Қазақстандық өнімнің мазмұны мен сапсы туралы пленарлық отырыста мемлекеттік органдардың , «Қазақмыс» корпорациясының және отандық өнім шығарушы мекемелердің өкілдері баяндамалар жасады.Секция жұмыстары кезінде отандық өнім шығарушылар кездескен қиындықтарды шешу жолдары сөз болып, қазақстандық өнім шығарушылармен ынтымақтастықта жұмыс атқару ұсынылды.
2012 жылдан бері «Қазақстандықты таңдаймыз» форумы жыл сайын Астана қаласында, Тәуелсіздік сарайында өткізілуде.
2015 жылы өткізілген «Қазақстандықты таңдаймыз» 4 форумына 315 отандық өнім шығарушылар, ірі компаниялардың, орта және шағын бизнестің, даму институтының және осы саладағы мемлекеттік ведомстволардың 755 өкілі қатысты.Форумда үлкен кездесу алаңы ұйымдастырылып,жаңа өндіріс орындарын ашу мен өнім шығару, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізу туралы сұрақтар талқыланды.
«Қазақмыс» компаниясы 2014 жылы қазақстандық мазмұндағы өнім көлемін , затты сатып алуды, отандық қызмет көрсету мен жұмыс түрін ұлғайтуды дамытуды 167,8 милиард теңгеге жеткізді. Оның ішіндегі жергілікті маңыздағысы 69%. –ы құрайды.