2015 жылғы Ұлы Жеңістің 65 жылдық құрметіне Қазақмыс компаниясы Жезқазған қаласы маңын жасыл желекке орау мақсатында үлкен көлемдегі жұмысын жүргізе бастады. «Алғашқы құрылысшылар» бағына Кеңгір су қоймасының жағалауындағы «Даңқ» монументі маңынан орналасқан тоғай қосылды.
«Жасыл желек» жобасы бірнеше кезеңнен тұратын, Кеңгір су қоймасының барлық жағалауын көгалдандыру мақсатында, 100 гектар жерді қамту үшін 5 жылға жобаланған жоба.
Бірінші кезеңде үш гектардай аумаққа екі жарым мыңдай көшет , негізінен- қарағаш пен күміс шашақты үйеңкі отырғызылды. Қазан айында жүргізілген екінші кезеңде қосымша 2600 ильма, қарағаш, үйеңкі және терек көшеттері отырғызылды.
Жас көшеттерді отырғызу мен оны өсіру жұмыстарымен Солтүстік Жезқазған кенішінің айлық жалақылары сақтала отырып, жұмысынан босатылған жұмыскерлері мен Шығыс Жезқазған және Оңтүстік Жезқазған кеніштерінің жеңіл жұмысқа ауыстырылған жұмыскерлері айналысуда.15 сәуір мен 30 қыркүйек аралығында екі мыңдай қарағаш пен күміс шашақты емен отырғызылды.Жұмыскерлер жаз бойы көшеттерді суару, өңдеу, түптеу, зиянкестерден тазарту, кесу жұмыстарын атқарды.
Бұл жұмыстарды атқару үшін Қазақмыс кәсіпорындарында суару ыдыстары даярланып, шланга мен насостар сатып алынды
Жезқазған қаласының жасыл белдігіне айналған, Жезқазғанның көгілдір жауһарын абаттандыру жұмыстары келер жылдың көктемінде де өз жалғасын табады. Өндірісті, әрі шөлейтті, жасыл желегі аз аймақ үшін бұндай жобаның маңызы өте жоғары әрі бағалы. «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен шөл далада, жыл сайын өсіп, өркендеп, көктейтін тамаша жасыл бақ пайда болды.